«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) құрылымдық бөлімшелерінің мамандары мен өндірістік цехтар басшылығына «Стресстік қалыпты басқару» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Мұнайшыларға персоналды дамыту саласындағы танымал тренерлер Ерлан Мұстафин мен Руслан Тоқатов дәріс оқып, қызмет барысындағы стресске төзімділікті дамыту құпияларымен бөлісті.
Семинарға екі вахтадан барлығы 60 қызметкер қатысты. Олар жұмыс кезінде стресстің пайда болу себептерін талқылап, аталмыш жағдайда эмоцияны басқару жолдарын пысықтады. Ақпараттық белгісіздік, уақыт тапшылығы, қызметтік дау сияқты бірнеше фактор кәсіби этиканың бұзылуына әкеп соғу арқылы жұмысшының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Оқыту барысында спикерлер жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 50 жасқа дейінгі менеджерлердің 80%-ы стресс салдарынан түрлі ауруларға шалдығаты дәлелденгенін атап өтті.Сондықтан күйзелістің алдын алу әдістерінмеңгеру қолайсыз жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді.
Оқыту қаражанбастықтардың ұжымдық бірлігін нығайту мақсатында тимбилдингпен жалғаты. Жұмысшылар бірнеше топтарға бөлініп, берілген тапсырмаларды тез әрі сапалы орындауға тырысты. Семинар соңында қатысушыларға алған білімін растайтын сертификаттар берілді.
ҚБМ БАСШЫЛЫҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) Басшылығы мен «Жас маман кеңесі» (ЖМК) мүшелері «Speak Up» форматында кездесу өткізді. Еркін пікір алмасу басқосуында өндіріс бойынша басшылар мен жұмысшылар компанияның стратегиялық даму бағытындағы тақырыптарды талқылады. Жиналысқа қатысушылар аталмыш бағытта қандай мәселелер бар екеніне тоқталып, шешу жолдары мен жоспарын қарастырды.
Өндірісті өркендету арқылы ел экономикасын алға сүйреу — әр мұнайшының басты міндеті. ҚБМ-ның білімді де тәжірибелі жас мамандары негізгі қызметінен бөлек, білімін шыңдап, ғылыми жұмыстар жазу және зерттеу жүргізумен айналысады. Соның нәтижесінде жұмысшылар басшылыққа өндірісті оңтайландыру, күрделі процестерді тиімді жүргізу бойынша жобаларын ұсынды. Мұнайшылар жұмыс процесін сауатты жүргізу – сапаны жақсарту кепілі екенін ерекше атап өтті.
«Кездесу форматы еркін болғанымен өзекті тақырыптар талқыланып, салмақты мәселелер көтерілді. Осы орайда басшыларымыздың жас мамандардың пікірін тыңдап,бастамаларының орындалуына қолдау көрсеткені үшін алғысымыз шексіз. Біз сала ардагерлері саған сара жолмен қазыналы Қаражанбасты дамытуға жауапты буынбыз. Жас мамандар алған білімі мен тәжірибесін кен орнын дамытуға арнауға әрқашан дайын!»,- деді ЖМК төрағасы Айбек Ұлықпанов.
Кездесу барысында жас мамандар компания басшылығына сұрақтар қойып, толғандырған мәселелерін шешу бойынша нақты ұсыныстарын жеткізді. Басшылар да жас мамандардың пікірін тыңдап, жобаларына оң баға берді. ҚБМ Басқармасы жұмыс жүргізу кезінде ашықтық саясатын берік ұстанады. Жастар мен басшылар арасындағы нық байланыс арқасында әлі де тың жобаларды қолға алу жоспарланып отыр.
ҚАРАЖАНБАС МҰНАЙШЫЛАРЫ «EMBA» МАГИСТРІ АТАНДЫ
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) жұмысшылары Yessenov University-де «Executive MBA (master of business administration)» бағдарламасын сәтті тәмамдады. Оқу ордасы түлектеріне диплом табыстау салтанатында 24 мұнайшы басқару әкімшілігі магистрі дәрежесінің дипломын алды.
EMBA бағдарламасы басқару саласында тәжірибесі бар топ-менеджерлерге, орта буын менеджерлеріне және кәсіпкерлерге арналған. Компания мен университет арасындағы келісім-шарт негізінде қаражанбастықтар бір жыл бойы стратегиялық менеджмент, бизнесті зерттеу, басқару экономикасы, басқару маркетингі, адам ресурстарын басқару, бизнес талдаушы, жедел басқару, қолданбалы ұйымдастырушылық мінез-құлық бағытында 8 модуль бойынша білім алды.
Теория кезінде мұнайшылар жаңа тақырыптарды меңгеріп, тәжірибе тапсырмаларынорындауда үздік нәтиже көрсетті. Сондай-ақ олар Стамбул қаласында халықаралық тағылымдамадан өтіп, білімін нығайтты. Өз кезегінде университет басшылығы мен оқытушылар қаражанбастықтардың алғырлығы мен білімге құштарлығын ерекше атап өтті. Енді жұмысшылар EMBA модульдерінде алған білімдерін өлке өндірісін өркендетуге арнамақ.
«KARAZHANBASMUNAI CUP» ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
«Қаражанбасмұнай АҚ» (ҚБМ) ұйымдастыруымен өткен Республикалық шағын футбол турнирінің үздіктері анықталды. Маңғыстау және Атырау облысы қала-аудандарының намысын қорғаған 7-8 және 12-13 жастағы балалар мен жасөспірімдер жасыл алаңда кәсіби футболшылардан кем емес ойын өрнегін көрсетті.
Екі күндік аяқдоп бәсекесінің қорытындысы бойынша 2016-2017 жылы туған балалар арасынан Бейбарыс Қайырбек (BS TEAM), Жанатбек Сәрсенбай («Namys» Қызылтөбе), Илия Қазақ (Ақшұқыр БЖСМ) Әлішер Әділ («Жебе») «Үздік ойыншы», жасөспірімдер арасында Ерасыл Сембай(Бейбарыс) «Үздік қақпашы», Сақи Амангелді (Ақшұқыр БЖСМ) «Үздік қорғаушы», Нұрбол Қуаныш (Майкөмген БЖСМ) «Үздік шабуылшы», Ербол Дурдимуратов («Namys» Қызылтөбе) «Үздік сұрмерген», Азамат Қорғанбек (Ақшұқыр БЖСМ) «Үздік ойыншы» атағына лайық деп танылды.
Ал командалық есепте Атырау қаласының «Бейбарыс» командасы үздік үштікті түйіндеді. Екінші орынға Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылының «Namys» командасы жайғасты. Ойын басталғаннан бері белсенділік танытқан «Ақшұқыр БЖСМ» құрамасы мықтылығын дәлелдеп, чемпиондық атақты абыроймен қорғады. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға дипломдар, кубоктар мен сыйлық сертификаттары табыс етілді.
Осылайша Қаражанбас кен орнынан алғашқы мұнай бұрқағы атқылағанына 50 жыл толуына орай өткен спорт додасы жас футболшылардың бірлігін нығайтты. Олар жарыста бір-біріне қарсы командада ойнағанымен, жаңа достар тауып, тәжірибе алмасты.
«KARAZHANBASMUNAI CUP» : ЖАСЫЛ АЛАҢДА ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР
Ақтауда «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) алғашқы мұнай бұрқағының 50 жылдық мерейтойына орай балалар мен жасөспірімдер арасында шағын футболдан «KARAZHANBASMUNAI CUP» Республикалық турнирі басталды.
Доданың ашылу салтанатына ҚБМ Басқармасы, қос кәсіподақ төрағасы, облыстық спорт басқармасының өкілдері мен Қазақстан футбол құрамасының ойыншысы, «Зенит» футбол командасының мүшесі, Маңғыстау түлегі Нұралы Әліп қатысты. Алғаш боп сөз алған ҚБМ Бас директоры Марат Елеусінов көпшілікке компанияның осы күнге дейін жеткен жарқын жетістіктері жайлы айтып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Кен орнымыздан ең алғаш мұнай фонтаны атқылағанына жарты ғасыр толуы — компания үшін маңызды тарихи оқиға. Мерейтой қарсаңындағы жоспарланған ауқымды шаралардың бірі — осы турнир. Балалар — біздің болашағымыз. Дені сау, спорт сүйер ұрпақ арасынан еліміздің туын көкке желбіретер чемпиондар шығатынына сенімдімін!»,- деді М.Елеусінов.
Жасыл алаңдағы аяқдоп бәсекесінде Атырау, Құлсары, Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Түпқараған, Мұнайлы аудандарының 12 құрама командасы бақ сынайды. 2011-2012 және 2016-2017 жылы туған жас футболшылар екі күн бойы чемпион атануға барын салмақ. Алғашқы матч ақтаулық «BS team» және Мұнайлы ауданының «Namys» құрамалары арасында өтті. Сайысқа мықты дайындықпен келген жас спортшылардан ерекше жігер байқалады.
«Ойын өте жақсы басталды. Қарсыластар арасында мықты командалар көп екен. Бірақ біз жеңіске жету үшін келдік. Мақсатымызға жету үшін үздік ойын көрсетуге дайынбыз! Қаражанбастың мерекесі құтты болсын!»,-дейді жас футболшылар.
Балалар мен жасөспірімдердің бәсекеге толы ойыны арқасында турнир тартысты жалғасып жатыр. Ал бағы мен бабы қатар шауып, чемпиондық кубок кімге бұйыратыны салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады.
БАЛАҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАУ – ҮЛКЕН БАҚЫТ!
«50 жылдыққа – 50 велоспиед». Қаражанбас кен орнынан алғашқы мұнай бұрқағының атқылағанына жарты ғасыр толуына орай игі істер акциясы жалғасын тапты. Бұл жолы компания басшылығы облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне тосын сый жасап, су жаңа велосипедтер тарту етті.
«Мекемеміздің мерейтойы қарсаңында біз сіздерді назардан тыс қалдырмай, осылай қуантуды жөн санадық. Сіздердің араларыңызда болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтар мен Винокуров сияқты чемпион велошабандоздар шығатынына сенімдіміз!»,— деді Бас директор Марат Елеусінов.
Отбасылық үлгідегі балалар ауылында 3 пен 18 жас аралығындағы 30 ұл-қыз бар. Ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мұнда 4 отбасыға бөлініп, тәрбиеленіп жатыр.Балалар ауылында олардың алаңсыз өмір сүріп, білім алып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға барлық жағдай жасалған. Енді балалар мұнайшылар сыйға тартқан велосипедтермен үй ауласында бос уақытын көңілді өткізетініне дән риза.
«Велосипедтер өте әдемі. Маған қатты ұнады. Енді достарыммен бірге бәріміз бірге серуендейтін болдық. Мұнайшы ағаларға көп рақмет! Денсаулықтарыңыз мықты, жұмыстарыңыз табысты болсын!»,- деді балалар ауылының тәрбиеленушісі Раяна Таңбаева.
Жақсылыққа жаны құштар қаражанбастықтар аталмыш акцияны әлі де жалғастырмақ. Алдағы уақытта Түпқараған ауданының көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының ұл-қыздарына велосипедтер табыстау жоспарланып отыр.
БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ
28 маусым күні елімізде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аталып өтеді. Осыған орай «Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы өңірдегі бір топ журналиспен кездесіп, облыстың тыныс-тіршілігінен хабар тарататын тілшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
Кездесу барысында ҚБМ Бас директоры Марат Елеусінов компанияда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, өндіріс өмірі мен мұнайшылар қызметі туралы мақала жазып, сюжет түсіріп, бағдарлама арнауға атсалысып жүрген төртінші билік өкілдеріне алғыс білдірді.
«Журналистика – халықпен бірге тыныстайтын, шығармашылық пен кәсіби міндеттерді тең ұстанатын қиын да қызықты сала. Сіздер арқылы халық кез келген оқиғаданресми ақпарат алып, дәйекті деректермен танысады. Жер қойнауынан қара алтын игеретін қызметкерлеріміз бен компаниямызға ақпараттық қолдау көрсетіп келе жатқаныңыз үшін рақмет! Кәсіби мерекеде жаңа идея, шалқар шабыт пен қызметіңізге толағай табыс тілейміз!»,- деді Бас директор.
Марапат иелері компания басшылығына риясыз рақмет айтып, қара алтын игерушілердің қызметіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде ҚБМ Басқармасы биыл Қаражанбастан алғаш мұнай бұрқағы атқылағанына 50 жыл толғанын атап өтіп, журналистерді мерейлі мерекеге орай жоспарланған шаралардан ақпарат таратуда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
ҚБМ АРДАГЕРЛЕРІ — ФУТБОЛ ТУРНИРІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) жұмысшыларынан құралған футбол командасы ардагерлер турнирінің үздіктер қатарынан көрінді.
Мұнайлы аудандық футбол федерациясы және әуесқой футболшылар лигасының ұймдастыруымен 6х6 форматта өткен жарыс 35 жастан асқан футболшыларды жасыл алаңға жинады. Сайысқа қатысуға ниет білдірген 5 команда 5 кезең бойы тартысқа түсіп, чемпиондық атаққа лайық екенін дәлелдеуге тырысты.
«ҚБМ» құрамасы алдымен «Maqat» командасымен кездесіп, 5:1 есебімен басым түсті. Ал «NS club» ойыншыларымен болған матч 2:2 есебімен аяқталды. Аталмыш кезеңде ерекше ойынымен көзге түскен ҚБМ Бас директоры Марат Елеусінов «Үздік ойыншы» аталымына лайық деп танылды. Бұдан соң жеңіске деген құлшыныс артып, қаражанбастықтар «Beineu» құрамасын 5:3, «Element» ардагерлерін 5:0 есебімен жеңді. Ақтық сында «Beineu»командасымен есеп 2:2 болып теңесіп, пенальти тебу кезінде бір гол айырмашылығымен есе жіберді.
Турнир қорытындысы бойынша «ҚБМ» намысын қорғаған ардагерлер ІІ орын иеленіп, тағы бір кубокты қанжығаға байлады. Сондай-ақ І және ІІ орын алған қос команда Астанада әуесқойлар арасында өтетін футбол турниріне жолдама алды.
«АЛАҢДАҒЫ САУЫҚ КЕШ»
Қаражанбаста алғашқы мұнай фонтанының 50 жылдығы аясында кен орнының мәдени-демалыс орталығында «Алаңдадғы сауық кеш» шарасы өтті. Қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылған еркін форматтағы кеште жұмысшылар түрлі сайыстарға қатысып, көңіл сергітті. Алдымен мұнайшылар бірнеше топқа бөлініп, командалық тапсырмаларды орындады. Мұнда қатысушылардың жылдамдығы мен ептілігі, ұжымдық бірлігі сынға түсті. Бұдан соң жұмысшылар эмоциялық ойындар ойнап, логикалық, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сауық кеште рухани құндылықтар да назардан тыс қалған жоқ. Қаражанбастықтар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, өзара ой жарыстырды. «Алаңдағы сауық кеш» ретро стильдегі әндермен жарасым тапты. Жиналғандар ескі әндерді еске түсіріп, тербеліп би биледі. Шарада белсенділік танытқан әріптестерге сыйлық сертификаттары табыс етілді.
ҚБМ АҚШЫМЫРАУ АУЫЛЫНА КІРЕБЕРІС ҚАҚПА ОРНАТТЫ
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) Маңғыстау ауданына қарасты Ақшымырау ауылына көрік беретін ерекше сый тарту етті. Компания биыл 90 жылдығы тойланатын ауыл кіреберісіне зәулім қақпа орнатып, халыққа зор қуаныш сыйлады.
Ресми ашылу рәсіміне ауыл басшылығы, тұрғындар мен бір топ Қаражанбас жұмысшылары қатысты. Ақшымырау тарихындағы маңызды күнде ақсақалдар бата беріп, салтанатты түрде лента қиылды.
«Ауылымыздың мерейтойы қарсаңында бұл біз үшін өте керемет сый болды. Берекелі істің басы-қасынан табылған азаматтарға, ҚБМ еңбек ұжымына, Бас директоры Марат Елеусіновке алғысымыз шексіз. Қызметтеріңіз абыройлы болсын!»,- деді Ақшымырау ауылының әкімі Абзал Қарақойшиев.
Биіктігі 5 жарым, ені 10 метр қақпаны пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехы жұмысшылары құрастырды. Онда киіз үй бейнеленіп, ауыл атауы және қарсы бетіне «Сәт сапар!» сөздері жазылған. Құрастырушылар мен дәнекерлеушілер дайындаған қақпаға №2 мұнай өндіру және жөндеу-құрылыс цехының мамандары әрлеу жұмыстарын жүргізді. Қақпаны технологиялық көлік департаментінің арнайы техникалары ауылға дейін жеткізді.
«Қаражанбас мұнайшыларының бірлесіп жасаған туындысы шалғайдағы ауыл көркіне көрік қосты. Қақпа түнде де алыстан анық көрінуі үшін жарық шамдары орнатылды. Ауыл – әр адамның алтын бесігі. Ауылдың дамығаны – елдің дамығаны. Игі іске үлес қосқанымызға біз де дән ризамыз»,- деді күрделі құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Еркінбек Жолдыбаев.
ҚБМ облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан маңдайалды мұнай компанияларының бірі. Сондықтан аудан-ауылдардың көркеюіне демеушілік көмек көрсету назардан тыс қалмайды.
Мұнай эмульсиясын бұзуға арналған деэмульгаторды және қабат қысымын ұстап тұру жүйесіне коррозияға қарсы ингибиторды таңдау бағдарламасы
Химиялық реагенттерді сатып алуда бәсекелестік ортаны кеңейту мақсатында «Қаражанбасмұнай» АҚ мұнайды дайындау кезінде мұнай эмульсиясын бұзуға арналған деэмульгаторды және қабат қысымын ұстап тұру жүйесіне коррозияға қарсы ингибиторды таңдау бағдарламасын іске қосып жатқанын хабарлаймыз. Жоғарыда аталған химиялық реагенттерді іріктеубағдарламасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелдіұйымдарында химиялық реагенттерді сынауды, енгізуді және кіріс бақылауын таңдауды ұйымдастыру» әдістемесі бойынша жүзеге асырылады, яғни, келесі процедуралардан өту керек:
1) «Қаражанбасмұнай» АҚ зертханасында химиялықреагенттерді іріктеу және сынауды (бөтелкедегі сынақ) жүргізу, 19.08.–20.09.2024ж. дейін өндірушілерден(жеткізушілерден) тікелей Қаражанбас кен орнындажаңадан таңдалған сынама бойынша (мұнай, газ-сұйыққоспа, су).
2) ілеспе құжаттамамен (сапа сертификаты, коммерциялықұсыныс) кемінде 0,5 литр көлеміндегі химиялықреагенттердің іріктелген үлгілерін «Қаражанбасмұнай» АҚ кеңсесіне (602 кабинет) Өндірістік-техникалық департаментінің өндірістік бөліміне беру, 27.09.2024ж.
3) Химиялық реагенттердің үлгілерін кодтау және «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» «KМГ Инжиниринг» ЖШС филиалының зертханасына тапсыру, 10.04.2024ж.
4) «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» «КМГ Инжиниринг» ЖШС филиалының зертханасында тәуелсіз зертханалық және/немесе стендтік сынақтар жүргізу, 07.10.–08.11.2024ж. дейін Химиялық реагенттерді сынауды өндірушілер(жеткізушілер) есебінен қаржыландыру.
5) Тестілеу нәтижелерін 15.11.2024ж. дейін ұсыну.
6) «Қаражанбасмұнай» АҚ және «ҚазНИПИмұнайгаз» АҚ «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС филиалымен алынғаннәтижелерді талдау және 22.11.2024ж. дейін зертханалықзерттеулердің оң нәтижелерімен таңдалған химиялықреагенттерді тәжірибелік далалық сынақтарға жіберутуралы шешім қабылдау.
7) «Қаражанбасмұнай» АҚ өндірістік объектілерінде2025ж. II-III тоқсанында «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» «КМГ Инжиниринг» ЖШС филиалының техникалық қолдауымен кемінде 30 күнтізбелік күн мерзімгебекітілген химиялық реагенттерге тәжірибелік далалықсынақтарды жүргізу.
8) Тәжірибелік далалық сынақтардың оң нәтижелерін алунегізінде «Қаражанбасмұнай» АҚ мен «КМГ Инжиниринг» ЖШС филиалы «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» бірлескен шешіміне сәйкес өнеркәсіптік енгізу үшінхимиялық реагенттерге рұқсат алу.
Қызығушылық танытқан жағдайда «Қаражанбасмұнай» АҚ-на 15.07.2024 жылға дейін ресми растау хатын жіберуіңіз керек. Барлық сұрақтар бойынша «Қаражанбасмұнай» АҚ өндірістік-техникалық департаментінің өндірістік бөліміне хабарласыңыз:
1. Шарипов Шыңғыс Талғатұлы – өндірістік бөлімінің бастығы,
тел. 8 (7292) 47-31-24, E-mail: C_Sharipov@KBM.KZ
2. Үргешов Қанат Жақсылықұлы – өндірістік бөлімінің жетекші инженері,
тел. 8 (7292) 47-30-41, E-mail: K_Urgeshov@KBM.KZ
ҚҰРБАН АЙТ — ИГІЛІК ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК МЕРЕКЕСІ
Қаражанбаста күллі мұсылман үшін маңызды мерекеде құрбандық шалынып, еңбек ұжымынамол дастархан жайылды. Жұмыс күнін сәтті аяқтаған мұнайшылар кен орны асханаларына рухани отырысқа жиналды. Компанияның Бас директоры Марат Елеусінов қаражанбастықтарды Құрбан айтпен құттықтап, көпшілікпен бірге ел-халықтың амандығын, өндірістің өркендеуін тілеп, дұға жасады.
«Біздің жұмысшылар үнемі жақсылық жасауға асығып, қайырымды істердің басынан табылады. Бұл біздің кәсібилігімізден бөлек, адамгершілігіміздің де белгісі деп білемін. Айт қабыл болсын! Қызметіміз берекелі, еңбегіміз табысты болсын!»,- деді ҚБМ Басқармасы.
Құрбан айт адамзатты бірлік пен игілікке, мейірім мен кешірімге үндейді. Айт күндері адамдар құрбан шалып, мұқтаж жандарға жәрдемдеседі. Сондай-ақ бір-біріне қонаққа барып, жақындарына жақсылық тілейді. Қаражанбастықтар дастархан басында мерекенің маңызына тоқталып, айтылған насихат сөздерден рухани құндылықтарын арттырып қайтты.