Компанияның 35 жасқа дейінгі қызметкерлері «Қаражанбасмұнай» АҚ «Жас маман кеңесі» құрамына кіреді. ҚБМ жас мамандары 10 жылдан астам уақыттан бері компания дамуындағы өндірістік міндеттерді орындаумен қатар, қоғамдық-мәдени, спорттық шараларға, қайырымдылық акцияларына белсенді қатысып келеді.
Компания өз кезегінде жас мұнайшылардың кәсіби өсуіне, корпоративтік құндылықтарды нығайтуына жағдай жасап, олардың ғылымдағы, технологиядағы және өндірісті басқарудағы шығармашылық әлеуетін ашу және дамытуға күш салады.