Үздік Маман

«Үздік маман» – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін кәсіби шеберлік байқауы. Байқаудың іріктеу кезеңі алдымен әр мекеме ішінде өтіп, жүзден жүйрік атанғандар республикалық кезеңге қатысады. Жарыста мұнайшылар алдымен қауіпсіздік техникасы мен өз қызметіне қатысты тест тапсырып, екінші кезеңде практикалық тапсырма орындайды.