КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Қаражанбасмұнай» АҚ – Маңғыстау облысы Бозашы түбегінде орналасқан ірі мұнай өндіруші компания.

Кәсіпорынның үлесіне облыстағы мұнай өндірудің 12 пайызы, Қазақстандағы 2,5 пайызы тиесілі. Қаражанбас мұнайының құрамы жол битумын өндіруге таптырмас шикізат болып табылады, ал кен орнының қолайлы географиялық орналасуы өндірілген мұнайды әлемдік нарыққа тиімді тасымалдауға мүмкіндік береді.

Мұнда мұнай өндіру жыл сайын артып келеді. Соңғы 5 жылдағы көрсеткіштер: 2019 жылы – 2 164 000 тонна, 2020 жылы – 2 002 000 тонна, 2021 жылы – 2 096 000 тонна, 2022 жылы – 2 141 800 тонна, 2002 жылы – 2 003,0 тонна.

Қаражанбас кен орнында штаттық қызметкерлер мен басқа да қызмет көрсету ұйымдарын қосқанда 7 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді.