«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылардың және олардың балаларының демалысына ерекше көңіл бөледі. Компания мұнайшылардың жыл сайынғы міндетті медициналық тексеруінің қорытынды АКТ-і негізінде шипажайға баруға кеңес берілген қызметкерлерге санаторлық курорттық емнің ақысын өтейді. Мұндай мүмкіндік компанияда 20 жылдан астам еңбек өтілі бар жұмысшыларға да ұсынылады.
Ал балалардың жазғы демалысы екі бағытта: жергілікті және облыс аумағынан тыс орналасқан сауықтыру лагерлерінде жүргізіледі. Оған 7-14 жас аралығындағы балалары бар қызметкерлерге (бір отбасынан бір балаға) жолдама беріледі. Лагерь жасындағы көп балалы отбасыларға екі жолдама беру мүмкіндігі қарастырылады.
Осылайша жылына шамамен мыңға жуық жұмысшы санаториилерде, ал жазғы лагерьлерге 2000-нан астам бала демалады.