Персоналды дамыту саласындағы жұмыстың негізгі бағыттары: персоналды бағалау мен оқытудың заманауи әдістерін енгізу, корпоративтік және мақсатты оқыту бағдарламаларын қалыптастыру, қашықтықтан және электронды оқыту жүйесін дамыту, жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттесу.
Жыл сайын «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлерінің 50%-дан астамы әртүрлі кәсіби қайта даярлау бағдарламалары бойынша семинарлар мен тренингтерге қатысып, біліктіліктерін арттырады.
Персоналды дамыту әдістері:
1) Тәлімгерлік – білікті маман белгілі бір уақыт аралығында тағылымдамадан өтушіге дағдыларды үйрететін және беретін персоналды оқыту әдісі. Тәлімгерлік мақсаты – тәжірибе жинақтаған адамның қызметке тез енуі арқылы жұмыс тиімділігін арттыру.
2) Тағылымдама – қызметкердің басқа бөлімнің бизнес-процестеріне тікелей қатысуы. Мұндай тәжірибе қызметкерге басқа бөлімдегі процестермен танысуға, танысу кезінде туындайтын сұрақтарға жауап алуға, сондай-ақ берілген функциялар мен тапсырмаларды орындау кезінде білім мен дағдыларды тиімді бекітуге мүмкіндік береді.
3) Өздігінен білім алу – болашақта пайдалану үшін білім мен тәжірибені өз бетінше алу.
4) Жетекшімен тікелей оқыту – жетекшінің білімі мен тәжірибесін тыңдаушыға беру.
5) Оқыту – қызметкерлердің курстар, тренингтер және семинарлар арқылы кәсіби өсуі мен дамуына қажетті жаңа білімдерді алу процесі.
Кадрларды оқытуға бөлінген қаражат «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлерін дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция болып табылады.
Кәсіпорын басшылығы персоналды дамыту саясатын жүзеге асыру үшін жауапкершілікті өз мойнына алады, персоналдың дамуына және жоспарланған тапсырмалардың орындалуына кепілдік береді. Кадрларды оқыту және дамыту жүйесін үнемі жетілдіріп отырады. Ол сондай-ақ барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді.