Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар

«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының еңбек жағдайларын жақсарту — жоғары өндірістік көрсеткіштер кепілі.

«Қаражанбасмұнай» АҚ — ның маңызды міндеттерінің бірі — кен орнындағы қызметкерлер үшін қолайлы әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау.

«Қаражанбасмұнай» АҚ әзірлеген бағдарламалар аясында өндірістік емес және әлеуметтік объектілерді (тамақтану саласындағы объектілер, тұрғын үй объектілері, шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар (санитарлық тораптар, киім ауыстыратын бөлмелер, душ, кір жуатын орындар), медициналық объектілерді, мәдениет және спорт саласындағы қоғамдық орындарды) салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.