«Қаражанбасмұнай» АҚ -да қос кәсіподақ: «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ және «Бірлік» кәсіподағы ҚБ жұмыс істейді.
«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» жаңа Заңына сәйкес 2015 жылдың мамыр айында қайта тіркеуден өтіп, «мұнай-газ кешені жұмысшыларының салалық кәсіптік одағы» ҚБ құрамына мүшелік ұйым ретінде кірді. Кәсіподақ төрағасы: Орынбек Сатыбалдиев. (2022 жылы сайланды).
«Бірлік» Қаражанбасмұнай АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ 2012 жылы «Профсоюз работников ТОО «УТТ и ОС» болып құрылған. 2021 жылы Қаражанбас компаниялар тобының интеграциясынан соң, кәсіподақ қайта тіркеуден өтті. Төрағасы: Мансұр Алдабергенов. (2023 жылы сайланды)
Екі кәсіподақ та жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы байланысты, жалпы жұмысшының психологиялық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуде кәсіподақ ұйымы ізгілікті істер атқарады.
Сондай-ақ жұмысшыларға жыл сайын санаторлық-курорттық емделуге жолдама береді, дәрі-дәрмек шығынын өтеуге, жерлеуге, баланың тууына және қызметкердің неке қиюына, сондай-ақ, мүгедек балаларға, кәсіподақ мүшелерінің мерейтойына материалдық көмек көрсетеді. «Наурыз» мерекесіне кәсіподақтың барлық мүшесіне сыйлық, 8 наурызда қыз-келіншектерге сыйлық сертификаттары беріледі. Сонымен қатар, «Мұнайшылар күні», «Наурыз» мерекелеріне ақшалай қаражат бөлінеді. Кәсіподақтар күніне орай цехтар арасында спорттың бірнеше түрі бойынша спартакиада ұйымдастырылады. «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның атынан турнирге қатысатын футбол және волейбол командаларына демеушілік көмек көрсетіп, қайырымдылық акцияларын ұйымдастарады.