«Қаражанбасмұнай» АҚ кадрлық саясаты персоналды басқару және еңбекақы төлеу саласындағы функционалдық стратегиялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның негізгі принциптері мен құндылықтары:
Құндылықтар:
• қызметкерлер өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі;
• қоршаған ортаға ұқыпты қарау
Қағидалар:
• өзара қарым-қатынаста сыйластық пен сенім;
• шешім қабылдаудағы әділеттілік;
• жұмыс кезіндегі ашықтық;
• нәтижеге деген жауапкершілік
«Қаражанбасмұнай» АҚ – бұл әркім өз кәсіби арманын жүзеге асыра алатын, сенімді болашақ құра алатын біздің ошағымыз. Біз даму мен өркендеу жолында бірге жұмыс істейміз!