ҚБМ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ «ҚМГ КӘСІП» БАҒДАРЛАМАСЫНДА

27 Ноябрь 2026

«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның «ҚМГ Кәсіп» модульдік оқыту бағдарламасына қатысып жатыр. Бағдарлама жұмысшы мамандардың кәсіби және жеке құзыреттерін дамытуға, техникалық білімін тереңдетуге және өндірістік дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Жоба аясында ҚМГ компаниялар тобының 200-ден астам қызметкері тоғыз бағытты қамтитын 16 жұмысшы мамандығы бойынша оқудан өтеді. Атырауда басталған алғашқы модуль кәсіби шеберлікті шыңдауға және техникалық білімді жетілдіруге арналған. Оқу барысында теориялық сабақтар практикалық тапсырмалармен ұштастырылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасады.

Бағдарламаның екінші модулі желтоқсан айында өтеді деп жоспарланған. Бұл кезеңде қызметкерлердің икемді дағдыларын дамытуға, үнемді өндіріс қағидаттарын меңгеруге, корпоративтік және қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға басымдық беріледі. «ҚМГ Кәсіп» – жұмысшы мамандардың біліктілігін арттыруға, адами капиталды дамытуға және өндірістік тиімділікті көтеруге бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Жарияланған күні:
27 ноября 2026

Бөлісу: