БІР МАҚСАТ — ОРТАҚ МІНДЕТ

21 Ноябрь 2026

Бұрғылау – мұнай өндірісіндегі жауапкершілігі жоғары әрі күрделі жұмыстардың бірі.

ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның (ҚБМ) бір бұрғылау бригадасы 12 маманнан құралған. Шебер, бұрғышы, бұрғышы көмекшілері, машинист, слесарь-жөндеуші және дәнекерлеуші – әрқайсысының өз міндеті бар. Олар бұрғылау қондырғысын құрастырудан бастап, ұңғыманы толық қазып біткенге дейін бірлесе еңбек етеді.

– Қаражанбас кен орнының мұнайы тұтқырлығы жоғары әрі шайырлы болуымен ерекшеленеді. Ұңғымалардың тереңдігі 500 метрге жуықтайды. Біз тік және көлбеу ұңғымаларын бір апта ішінде қазамыз,-дейді бригада шебері Жолболды Тобышбай.

Айта кетейік, биыл Қаражанбас кен орнында сейсмикалық барлау нәтижесінде анықталған теңіз жағалауы аумағында бұрғылау жұмыстары басталды. Бүгінге дейін мұнда 40-қа жуық ұңғыма қазылып, кезең-кезеңімен пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін ұңғымалар санын 50-ге жеткізу жоспарланып отыр.

Жағалау аймағын дамыту — ресурстық базаны толықтыруға бағытталған ҚБМ-ның негізгі жобаларының бірі. Оны іске асыру геологиялық қор көлемін 12 млн тоннаға дейін, ал алынатын қорды 3 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жарияланған күні:
21 ноября 2026

Бөлісу: