
«Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы кен орнына жұмыс сапарымен барды. Кездесу барысында Бас директор Нұртаза Ибрашев І вахтадағы еңбек ұжымына компанияның қазіргі өндірістік көрсеткіштерін таныстырып, алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Ашық диалог форматында өткен жүздесуге кәсіподақ ұйымы төрағалары да қатысты. Мұнайшылар басшылықпен тікелей пікір алмасып, толғандырған сауалдарды қойды. Тараптар еңбек қауіпсіздігі, өндіріс көлемін арттыру, жаңа аумақтарды игеруде тиімді әдістерді қолдану және мұнайшылардың еңбек жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылады.
Кездесу еңбек ұжымы мен басшылық арасындағы өзара байланысты нығайта түсті. Нұртаза Ибрашев жұмысшыларды ортақ мақсаттарға жету жолында бірлесе еңбек етуге шақырды. Жүздесуді ІІ вахта жұмысшыларымен де өткізу жоспарланып отыр.
Жарияланған күні:
6 ноября 2026
Бөлісу: