
«Қаражанбасмұнай» АҚ-да жұмысшылардың кәсіби шеберлігін сарапқа салатын «Үздік маман — 2026» байқауының қорытындысы шығарылды. Биылғы сайысқа 24 аталым бойынша екі вахтадан 400-ге жуық қызметкер қатысып, өзара кәсіби білімі мен тәжірибесін сынады.
Қатысушылар алғашқы кезеңде өз қызметі мен қауіпсіздік техникасы бойынша тест тапсырды. Теориядан жоғары нәтиже көрсеткен жұмысшылар екінші кезеңге өтіп, тәжірибе тапсырмаларын орындады. Мұнда қатысушылардың білімін өндірісте тиімді қолдана білуі, жұмысты сапалы әрі қауіпсіз орындау дағдылары бағаланды. Байқау еңбек адамдарының беделін арттырып, кәсіби біліктілікті жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және жүзден жүйріктерді анықтауға мүмкіндік берді.
Байқаудың І орын иегерлері қазан айында Атырау қаласында өтетін «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионатына 12 аталым бойынша қатысады. Олар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобындағы үздіктермен сынға түсіп, ҚБМ намысын абыроймен қорғауға тырысады.
Жарияланған күні:
1 октября 2026
Бөлісу: