ЕРЕН ЕҢБЕККЕ — ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ

30 Сентябрь 2026

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкері еңбек күніне орай мемлекеттік марапатқа ие болды. Астанада өткен «Еңбек – ел мұраты» республикалық форумында өндірісті автоматтандыру бөлімінің басшысы Таңат Шонқалов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Салтанатты іс-шарада награданы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов табыс етті.

Таңат Шонқалов — 45 жыл тәжірибесі бар білікті маман. Өнегелі еңбек жолының 32 жылы мұнай-газ саласымен тығыз байланысты. Ол Қаражанбас кен орнында бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі қызметінен бастап, шебер, жетекші инженер, цех басшысы сияқты лауазымдарда абыройлы еңбек етті. Соңғы төрт жыл көлемінде өндірісті автоматтандыру бөлімін басқарып келеді.

Марапат иесі өндірістік процестерді жетілдіруге, автоматтандыру жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және өндірістегі технологиялық тәртіптің сақталуына жауаптылардың бірі. Еңбек адамы көп жылдық тәжірибесін жас мамандарға үйретіп, кәсіби сабақтастықтың қалыптасуына да атсалысып жүр.

Жарияланған күні:
30 сентября 2026

Бөлісу: