
«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың жұмысшылары қауіпсіздік белдігін тағудың маңызын көрсететін конвинсер-тренажерді сынап көрді. Тәжірибе компанияда 2026-2028 жылдарға арналған «ЖКО-ны тоқтат» іс-шаралар бағдарламасы аясында өткізілді.
Қатысушылар автокөліктің шамамен 10 км/сағ жылдамдықтағы соқтығысуын имитациялайтын құрылғыға кезекпен отырып, соқтығысу кезінде адам денесіне түсетін күштің әсерін сезінді. Көрсетілім тіпті төмен жылдамдықтың өзінде қауіпсіздік белдігін тағудың маңызын тәжірибе жүзінде анық көрсетті.
Іс-шара қызметкерлер арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі мәдениетін нығайту, қауіпсіздік белдігін тұрақты пайдалану дағдысын қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Мұндай сынақ-тәжірибелер қауіпсіздік талаптарын түсіндірумен қатар, олардың маңызын іс жүзінде сезінуге мүмкіндік береді.
Жарияланған күні:
28 сентября 2026
Бөлісу: