
«Қаражанбасмұнай» АҚ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсында «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша үздік деп танылды. Еңбек күні қарсаңында өткен салтанатты іс-шарада Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай конкурс жеңімпаздарына марапат табыстады. Байқауда әлеуметтік жауапкершілік, еңбек қатынастары және қоршаған ортаны қорғау бағытында үздік нәтиже көрсеткен кәсіпорындар жұмысы бағаланды.
ҚБМ-ның «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымындағы жеңісі – компанияның қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жүйелі жұмысының жемісі. Соңғы жылдары компанияда экологиялық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған бірқатар ірі жоба жүзеге асырылып келеді.
Нақтырақ айтсақ, кен орнында қабат суын тұщыту зауыты іске қосылып, Еділ өзенінен келетін ауыз суды өндіріске пайдалану көлемі мейлінше азайды. Сонымен қатар тарихи мұнаймен ластанған топырақ толық рекультивацияланды. Бұдан бөлек, ілеспе газды тиімді кәдеге жарату бағытында жұмыстар жалғасып жатыр.
Жарияланған күні:
24 сентября 2026
Бөлісу: