
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның жас мамандары инновациялық жобаларды әзірлеу мен басқаруда жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану бағытында білімін нығайтты. Екі күнге созылған оқуда қатысушылар жасанды интеллектті тек теория жүзінде танып қана қоймай, оны нақты міндеттерді шешу құралы ретінде қолдануға машықтанды.
Жас мамандар алдымен ЖИ-мен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерімен танысты. Кейін олар vibe coding арқылы цифрлық шешімдерді әзірлеуді тәжірибе жүзінде сынап көрді. Оқудан алған білім жастардың цифрлық құзыреттерін арттырып, өндірістегі инновациялық бастамаларды дамытуға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға жол ашады.
Білімін шыңдаған жұмысшылар — компанияның «Жас маман кеңесі» мүшелері арасында өткен HSE форумда үздік жоба ұсынған топ мүшелері. Форум аясында 8 команда өз жобасын қорғап, өндірістегі қауіпсіздік пен тиімділікті арттыруға бағытталған идеяларын ортаға салды. Нәтижесінде үздік деп танылған командаға өз жобасын одан әрі дамытуға және жаңа цифрлық құралдарды меңгеруге мүмкіндік беретін арнайы оқу жолдамасы табысталған еді.
Жарияланған күні:
24 сентября 2026
Бөлісу: