
Қаражанбаста жыл басынан бері 1 018 084 тонна мұнай өндірілді. Бұл былтырғы І жартыжылдықтағы көрсеткіштен шамамен 39 мың тоннаға төмен.
Ал іске қосылған жаңа ұңғыма саны 27-ге жетіп, жұмыс жоспарға сай орындалды. Десек те, аталмыш дерек 2025 жылдың алғашқы алты айындағыдан 57 ұңғымаға аз.
Мұнай мен битум экспорты – 952 мың тонна. Сатылған мұнай көлемі 847 мың тонна болса, ішкі нарыққа 105 мың тонна битум жеткізілді. Жалпы есеп алғашқы жартыжылдыққа қойылған жоспардағы көрсеткіштен 12 мың тоннаға артық орындалды.
Жарияланған күні:
9 июля 2026
Бөлісу: