ҚМГ СПАРТАКИАДАСЫ: «ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ ҚОРЖЫНЫНДА 7 ЖҮЛДЕ

15 Июнь 2026

Ағымдағы жылдың 12-15 маусым аралығында Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының дәстүрлі Спартакиадасы өтті. Ауқымды спорттық додаға ҚМГ-ның 39 еншілес және тәуелді ұйымынан 900-ден астам қызметкер қатысып, спорттың 14 түрі бойынша бақ сынады.

Жарыста «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері жоғары нәтижелер көрсетіп, қоржынға 7 бірдей жүлде салды. Компания спортшылары жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, армрестлинг, садақ ату және футзал бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Жеңімпаздар тізімі:

Жеке жүгіру (ерлер, 35 жастан жоғары, 800 м):
1-орын – Әлібек Құлболғанов

Жеке жүгіру (әйелдер, 18-34 жас, 400 м):
2-орын – Азиза Конисова

Армрестлинг (әйелдер, 65 кг дейін):
3-орын — Құралай Ақжігітова

Тоғызқұмалақ (ерлер):
2-орын — Нұрсұлтан Орақов

Тоғызқұмалақ (әйелдер):
3-орын — Жанар Юсупова

Садақ ату (әйелдер):
3-орын — Салима Гаржаубаева

Футзал:
3-орын — «Қаражанбасмұнай» АҚ

Жарияланған күні:
15 июня 2026

Бөлісу: