ӨНДІРІС ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМ 

13 Июнь 2026

Қаражанбаста өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қорғау» картасын толтырушылар саны артып келеді. Биыл жыл басынан бері мұнайшылар қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті қызметкерлеріне 808 жазатайым оқиғаның алдын алу туралы ақпарат берген. Оның 168-і арқылы қауіпті жұмыс уақытылы тоқтатылып, жазатайым оқиға болуы ықтимал жағдай ретке келді.

«Қорғау» картасын компанияның кез-келген қызметкері толтыруға құқылы. Егер жұмысшы мұнайшылардың денсаулғына зиян тигізетін немесе өндіріске кедергі келтіретін жайтты байқаса, оны аталмыш карта күшімен дереу тоқтатуға болады.  Жазатайым оқиғаны болдырмауға атсалысқандар еңбегі елеусіз қалмайды. Оларға ынталандыру ретінде марапат пен сыйлықтар қарастырылған.

Ең маңыздысы – бұл шешім үшін ешкім жазаланбайды. Себебі ол – жазатайым оқиғадан сақтап қалуға бағытталған нақты әрекет.«Қорғау» картасы бойынша шығарылған қорытынды – жай статистика ғана емес. Бұл – қауіпсіздік жолындағы ортақ жауапкершілік нәтижесі.

Жарияланған күні:
13 июня 2026

Бөлісу: