ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

26 Март 2026

«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары қызмет барысындағы тәуекелдерді басқару бойынша білімін нығайтты. Оқуды компанияның ішкі тренерлер мектебінің мүшесі, сапа бойынша жетекші инженер Ағзам Бекентаев жүргізді. Құрылымдық бөлімшелер мамандары тәуекелдерді басқарудың негізгі қағидаларымен танысып, тәуекел ұғымы мен факторларының мәнін, олардың компания жұмысына әсерін жан-жақты қарастырды. Сондай-ақ тәуекелдерді алдын ала анықтау, бағалау және оларды тиімді басқару тәсілдері түсіндірілді.

Оқуда компаниядағы тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы, жауапкершілік деңгейлері мен негізгі құралдарына назар аударылды. Сонымен қатар тәуекелдерді басқарудағы халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелер туралы ақпарат берілді. Тренер тәуекелдерді алдын ала болжау мен уақтылы әрекет ету компанияның уақыты мен қаржысын үнемдеп, тұрақты дамуына және беделін сақтауға мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.

Мамандардың біліктілігін арттыру жолында ішкі тренерлер мектебінің рөлі зор. Бұл бастама компания қызметкерлерінің сауатын арттырып қана қоймай, ұжым ішінде білім мен тәжірибені тиімді таратуға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.

Жарияланған күні:
26 марта 2026

Бөлісу: