«САЛАУАТТЫ САНА» — ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

17 Март 2026

Қаражанбас кен орнында «Салауатты сана» керуені өтті. Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған шараның мақсаты – қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және еңбек ұжымдары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту.

Керуенге өңірдің қоғам белсенділері, облыстық ақсақалдар және аналар кеңесінің өкілдері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері, сондай-ақ мұнай-газ саласының қызметкерлері қатысты. Спикерлер қоғамға қауіп төндіретін бес негізгі әлеуметтік кесел – нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдықтың алдын алу бағытында пікірін ортаға салды. Ашық диалог форматындағы жүздесуде жұмысшылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мәселелерді көпшілікпен бірге талқылады.

«Салауатты сана» керуені – қоғамдағы теріс құбылыстарға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Жоба аясында өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Мұндай кездесулер әлеуметтік кеселдердің алдын алу, сана мен жауапкершілікті арттыру, тұрақтылық, отбасы құндылықтар мен қоғамдық бірлікті нығайтуға оң әсер етеді.

Жарияланған күні:
17 марта 2026

Бөлісу: