ҚАРАЖАНБАС МҰНАЙШЫЛАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА БЕЛСЕНДІ

15 Март 2026

«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары еліміз үшін тарихи маңызды саяси оқиға – жаңа Конституция жобасы бойынша референдумға белсенді қатысып жатыр. Кен орнында таңғы сағат 6:00-ден бастап Түпқараған ауданына қарасты № 236 референдум учаскесі үздіксіз жұмыс істеп тұр.

Әнұран шырқалып, дауыс беруге рұқсат етілген соң ең алғашқы болып компанияның Бас директоры Нұртаза Ибрашев өз таңдауын жасады. Одан соң өзге де өндіріс цехтарының жұмысшылары кезекпен азаматтық ұстанымын білдіріп, бюллетендерін жәшікке тастады.

Қаражанбас мұнайшылары үшін учаскеде барлық қажетті жағдай жасалған. Дауыс беру процесі заң талаптарына сай, ашық жүріп жатыр. Еңбек адамдары бұл маңызды саяси науқанға белсенді қатысу – әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсететін жауапты қадам екенін атап өтті.

Вахтааралық демалыста жүрген және орталық кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлер де өз тұрғылықты жері бойынша бекітілген учаскелеріне барып, дауыс беріп жатыр. Осылайша, Қаражанбас кен орнындағы мұнайшылар ел өміріндегі маңызды оқиғаға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктерін көрсетіп отыр.

Жарияланған күні:
15 марта 2026

Бөлісу: