
«Қаражанбасмұнай» АҚ №3 мұнай өндіру цехының операторы Қыдырқожа Шамиев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бекітілген «Жұмысшы мамандықтар жылындағы» мемлекеттік награданы мұнайшыға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай табыс етті.
Қыдырқожа Шамиев – өлке өндірісін өркендетуге 37 жыл бойы қызмет етіп келеді. Ол Қаражанбастың қою мұнайын игеруді бес саусағындай меңгерген білікті маман. Мемлекет басшысының марапаты оның ұзақ жыл бойы атқарған адал еңбегінің жемісі. Бұл жетістік мұнайшының келер жылғы қызметіне зор шабыт пен ынта сыйлады.
Әріптесімізбен бірге мемлекеттік және қоғамдық қызметте, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына елеулі үлес қосып жүрген еңбек адамдарына «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды. Өңір басшысы марапат иелерін құттықтап, олардың адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі жастарға үлгі екенін атап өтті.
Жарияланған күні:
31 декабря 2025
Бөлісу: