ҚБМ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

26 Декабрь 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлерінің балалары жаңа жылды ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Компанияда қалыптасққан игі дәстүр бойынша жұмысшылардың ұл-қыздарына тәттіге толы қоржындар үлестірілді. Сонымен қатар, 3-10 жас аралығындағы бүлдіршіндер үшін «Жаңа жылға ғарыштық саяхат» атты ертеңгілік ұйымдастырылды.

Жаңадан ашылған үлкен ойын алаңына жиылған балалар сүйікті кейіпкерлерімен бірге қиял әлеміне сапар шекті. Көңілді ойындар ойнап, флешмоб биледі. Шалғай ауылдарда тұратын бүлдіршіндер де назардан тыс қалмады. Олар Маңғыстау, Бейнеу аудандарының орталығындағы ертеңгіліктерге белсенді қатысты. Осылайша Қаражанбас жұмысшыларының 6000-нан астам ұл-қызы мереке атмосферасын сезініп, қуаныш пен шаттыққа кенелді.

Әлеуметтік жауапкершілікке ерекше мән беретін ҚБМ әрбір қызметкердің отбасына құрметпен қарайды. Сол себепті әлеуметтік қолдауды күшейтіп, мәдени-танымдық іс-шараларды ұйымдастыру басты назарда.

Жарияланған күні:
26 декабря 2025

Бөлісу: