ЖАСТАР ЖАҚСЫЛЫҒЫ – БАЛАЛАРҒА БАҚЫТ

25 Декабрь 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ «Жас маман кеңесі» мүшелері жаңа жыл қарсаңында игі іске ұйытқы болды. Вахтааралық демалыста жүрген жұмысшылар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тіркелген 50 ерекше балаға тәтті сыйлықтар үлестіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жас мамандар балалармен тілдесіп, олардың қызығушылығы мен арман-тілектерін тыңдады. Ұл-қыздардың жүзіндегі қуаныш пен шынайы күлкі мұнайшы жастарға ерекше шабыт берді. Ерекше балалардың ата-аналары мен орталық қызметкерлері игі шараның маңызын атап өтіп, демеушілік танытқан ҚБМ жастарына алғыс білдірді.

«Жас маман кеңесі» алдағы уақытта да әлеуметтік бағыттағы бастамаларды жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл – жас қызметкерлердің корпоративтік мәдениетке, жауапкершілікке және қоғамға пайда тигізу қағидаттарына деген көзқарасын айқын көрсететін қадам.

Жарияланған күні:
25 декабря 2025

Бөлісу: