
«The Institute of Internal Auditors, Kazakhstan Chapter» халықаралық ішкі аудиторлар кәсіби ұйымы мүшелерінің форумында «Қаражанбасмұнай» АҚ ішкі аудит қызметі «2025 жылғы үздік ішкі аудит функциясы» аталымының жеңімпазы марапатына ие болды. Бұл қызметтің кәсібилігін, нақты нәтижеге бағытталған жүйелі жұмысын және ішкі аудитті дамытуға қосқан үлесін айқындайды.
Сондай-ақ биыл ҚБМ ішкі аудит қызметі Халықаралық ішкі аудит стандарттарына сәйкес KPMG компаниясы жүргізген сыртқы сапа бағалауынан сәтті өтті. Бағалау қорытындысы бойынша қызметтің стандарттарға 100% сәйкестігі расталды. Бұл ішкі аудит функциясының әдістемелік тұрғыда дұрыс жолға қойылғанын және халықаралық үздік тәжірибелерге толық сай келетінін дәлелдейтін маңызды көрсеткіш.
Ішкі аудит институты тарапынан берілген марапат пен тәуелсіз сыртқы бағалаудың жоғары нәтижесі компаниядағы ішкі аудит қызметінің кәсіби деңгейін тағы бір рет дәлелдей түсті. Бұл жетістік – ұжымның бірлескен еңбегінің, жауапкершілігі мен үздіксіз дамуға деген ұмтылысының айқын нәтижесі.
Жарияланған күні:
22 декабря 2025
Бөлісу: