
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қаражанбас кен орнында жұмысшылар арасында спорт сайыстары ұйымдастырылды. Екі вахта мұнайшылары бір апта бойы жеке және командалық жарыстарда мықты ойын өрнегін көрсетіп, жүзден жүйріктер анықталды.
Додаға қатысушылардың әрқайсысы мықты дайындықпен келген. Кір тасын көтеруге шыққан жұмысшылар білек күші мен төзімділігін сынға салды. Ал шахмат пен тоғызқұмалақта ойыншылар логикалық ойлау қабілеті мен тактикалық шеберлігін паш етті. Бильярд пен үстел теннисінде дәлдік пен шапшаңдық маңызды рөл атқарды. Баскетбол мен шағын футбол алаңында командалық рух, өзара қолдау мен жеңіске деген жігер айқын сезілді. Көрермендер ықыласына бөленген жарыс — арқан тарту болды. Мұнда әр жұмысшы өз ұжымының чемпион атануына орасан зор үлес қосты.
Мереке қарсаңындағы мықтылар бәсекесі Қаражанбаста дәстүрлі түрде өтеді. Ол жұмысшылардың салауатты өмір салтын ұстануына серпін беріп, ұжым ішіндегі ынтымақ пен бірлікті нығайта түседі.
Жарияланған күні:
15 декабря 2025
Бөлісу: