
«Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы шағын футболдан Маңғыстау облысының күзгі біріншілігінде жүлдегер атанған ҚБМ құрамасының мүшелерін қабылдады. Кездесу барысында Бас директор Нұрпейіс Сәрсенбай өндіріс пен спортты қатар алып жүрген жұмысшыларды кезекті жетістігімен құттықтап, ұжым намысын абыроймен қорғағаны үшін алғыс білдірді.
Биылғы біріншілікке барлығы 9 команда қатысып, әр матч тартысты өтті. ҚБМ футболшылары жасыл алаңда барлық қарсыластарымен кездесіп, жарыс бойы мықты ойын өрнегін көрсетті. Жалпы есепте команда қоржынында – жеті жеңіс, бір тең нәтиже және бір ғана жеңіліс болды.
Дода кезінде ойыншылар да жеке шеберлігімен дараланды. Атап айтсақ, Ерлан Мурлиханов «Үздік сұрмерген», Кемелбек Әліғұлов екінші кезеңнің «Үздік ойыншысы», Қылыш Қасым «Үздік шабуылшы» атанды. Бұл көрсеткіш мұнайшылардың спорттағы шеберлігі мен ойынға деген жоғары дайындық деңгейін айқын көрсетті. Басшылық жұмысшылар жетістігі әлі де еселене түсетініне сенім білдіріп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.
Жарияланған күні:
24 ноября 2025
Бөлісу: