
Қаражанбас кен орнында Маңғыстау облысының Дін істері басқармасының «Өңірдің діни ахуалын зерттеу» жобасы аясында мұнайшылармен кездесу өтті. Шара барысында дінтанушы Толғанай Мұстафина өңірдегі және ел көлеміндегі қазіргі діни ахуал, оның дамуы мен қоғамға әсері туралы мәлімет берді.
Кездесу барысында мемлекеттің дін саласындағы саясаты, зайырлы мемлекет қағидаттары талқыланды. Дін талаптарын орындау мен мемлекеттік мекемелерде, әсіресе, стратегиялық маңызы жоғары объектілерде дін және заң нормаларын үйлесімді сақтау мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар, діни ақпарат алу дереккөздері мен олардың сапасы туралы пайдаланушылардың сыни сараптау дағдылары сөз етілді.
Қаражанбастықтар көкейкесті мәселелер де көтеріп, дін саласындағы мемлекеттік саясатқа қатысты, әсіресе радикалды дін ағымдарына қатысты қатаң шаралар қабылдауға ұсыныс білдірді. Кездесу барысында талқыланған тақырып пен ұсыныстар дін саласындағы сұрақтардың өзектілігін айқындай түсті.
Жарияланған күні:
25 ноября 2025
Бөлісу: