
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның орталық аппаратында эвакуация бойынша оқу дабылы өтті. Оқу-жаттығу сценарийі бойынша, ғимараттың 8 қабатында орналасқан кабинеттердің бірінен түтін шықты. Өткізілген іс-шара арқылы кеңсе қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекет ету дайындығы мен эвакуация тәртібін сақтау деңгейі тексерілді.
Түтін шыққан мезетте ең алдымен дабыл қағылды. Қызметкерлер бекітілген эвакуация жоспарына сәйкес, дереу баспалдақ арқылы төмен түсіп, сыртқа шықты. Оқу дабылы жаттығуына жауапты мамандар барлық кабинетті толық тексерді. Нәтижесінде 8 минут ішінде 384 адам ғимаратты босатып, жиналу орнына бағыт алды.
Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес, бірнеше пункт бойынша кемшіліктер анықталды. Мамандар шараға қатысқан қызметкерлер мен әр қабатқа жауапты тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жарияланған күні:
17 ноября 2025
Бөлісу: