ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

30 Октябрь 2025

Қаражанбас кен орнында діни сауатты қоғам қалыптастырып, радикалды идеологияның алдын алу мақсатында «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Шарада елордадан келген теолог Жандәулет Сүлейменов қатысушыларға экстремизм мен радикализмнің белгілері, олардың қоғам мен адамға тигізетін зияны туралы ақпарат берді. Сондай-ақ спикер болған оқиғалардан мысал келтіре отырып, теріс діни ағымдардың таралу тәсілдері мен олардың идеологиялық ықпалына қарсы тұру жолдарына тоқталды.

Кездесу барысында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралатын діни мазмұндағы күмәнді медиафайлдардың қоғамға тигізетін ықтимал қаупі талқыланды. Оған қоса, бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық парақтар таратылды.

Жарияланған күні:
30 октября 2025

Бөлісу: