
«Қаражанбасмұнай» АҚ №3 мұнай өндіру цехының операторы Олжас Нарымбеков киокушинкай каратэден ҚР біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінді. Чемпионды Бас директор Нұрпейіс Сәрсенбай қабылдап, жетістігімен құттықтады.
40-49 жас аралығында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен мұнайшы жеңіс жолында Астана, Қостанай және Қарағандының намысын қорғаған қатысушылармен кездесті. Физикалық және моральдық тұрғыда мықты дайындалып, айқын мақсатқа ұмтылған әріптесіміз жарыс алаңында шапшаңдығымен, техникасымен және сенімділігімен дараланып, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Нәтижесінде чемпион кубогын иеленіп, І орынды жеңіп алды.
«Каратэ адамды тәртіпке, еңбекқорлыққа үйретіп, мақсатқа жетуге шыңдайды. Бұл бізге жұмыс кезінде де зор пайдасын тигізіп келеді. Жарыстағы жетістігім маған қолдау көрсеткен жандардың сенімі арқасында келді деп білемін. Сондықтан цехтағы әріптестеріме, басшыларға, компания Басқармасына алғысым шексіз!»,- деді Олжас Нарымбеков.
Өндіріс пен спортты қатар алып жүрген мұнайшы әлі де биік белестерді бағындыруға ниетті. Ол келер жылы ардагерлер арасындағы Азия чемпионатында үздік атану үшін дайындықты қазірден бастап кетті.
Жарияланған күні:
31 октября 2025
Бөлісу: