
«Қаражанбасмұнай» АҚ-да автопаркі жаңарту бағдарламасы аясында технологиялық көлік департаментінің №1 және №2 гараж ұжымына алты автобус пайдалануға берілді. Енді жүзден астам қызметкер кен орны аумағының кез келген нүктесіндегі жұмыс орнына тез, жайлы және ең бастысы қауіпсіз жете алады.
Жаңа автобустар жүк көлігінің базасында құрастырылған. Әр көлік 28 жолаушыға арналған. Көлік салоны жылыту және салқындату жүйесімен, жарықпен қамтамасыз етілген, орындықтары ыңғайлы әрі сапалы материалмен қапталған. Жол талғамайтын автобустар қар, жаңбыр сияқты қолайсыз ауа райында қызметкерлердің жұмысқа кедергісіз қатынауы үшін ең тиімді шешім.
ҚБМ-дағы автопаркті жаңарту бағдарламасы үшінші жыл қатарынан сәтті жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде компанияның екі гаражына 300-ден астам техника сатып алынды. Қалған көліктерді белгіленген мерзімде жеткізу жұмысы қарқынды.
Жарияланған күні:
20 октября 2025
Бөлісу: