
«Қаражанбасмұнай» АҚ орталық аппарат қызметкерлері экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған облыстық «Таза жағалау» экоакциясына қатысып, кәрі Каспий жағалауын күл-қоқыстан тазартты.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, компанияның 20-дан астам қызметкері «МАЭК» су төгу каналы жағалауындағы түрлі полиэтилен пакеттері мен қатты және пластикалық қалдықтарды жинады. Нәтижесінде 15 қап қоқыс қапшығы арнайы техникаға тиеліп, қоқыс полигонына жөнелтілді.
Каспий теңізі Ақтау қаласының ең басты байлықтарының бірі. Ал, оны таза ұстау әрбір тұрғынның борышы. Осы ұранды ұстанған компания қызметкерлері алдағы уақытта да осындай игі шараларға белсене қатысуды жоспарлап отыр.
Жарияланған күні:
6 октября 2025
Бөлісу: