
«Қаражанбасмұнай» АҚ-да өткен жиында 2025 жылдың 8 айында компания 1 млн 410 мың тонна мұнай өндіргені жөнінде баяндалды. Биылғы жоспар – 2 млн 152 мың тонна. Қаражанбас мұнайының тұтқырлығы жоғары екені ескеріліп, экономикалық жағынан тиімді шешімдерді іздеу бойынша кешенді жұмыс атқарылуда.
Мәселен, бу мен суды кезектесіп айдау әдісі енгізіліп жатыр, бу генераторларының тиімділік коэффициентін арттыру іс-шаралары жүргізілуде.
Қор көлемін ұлғайту жұмыстары аясында кен орнының жағалаудағы аймағында сейсмикалық барлау іс-шаралары жүргізілді. Бағалау ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
«Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығы биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 3 млн 385 мың тонна болғанын баяндады. Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасы аясында жерасты және жерүсті жабдықтарын жаңартуға айрықша назар аударылып отыр.
Кен орнының цифрлық көшірмесін, атап айтқанда қабат қысымын сақтау жүйесін құру жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Биыл қабат қысымын сақтау жүйесінің 40% астамы цифрландырылып, 2026 жылы жұмыстар толық аяқталады деп күтілуде.
Сонымен қатар ABAI интеллектуалды жүйесінің модульдерін (кен орнын игеру жүйесі), гидродинамикалық үлгілерді модельдеу жөніндегі шешімдерді, көлікпен қамтамасыз етуді басқару процесін автоматтандыру, өндірістік қауіпсіздіктің бейнеталдау құралдарын (TUMAR) енгізу, сондай-ақ кен орнын басқарудың интеграцияланған цифрлық ортасын құру жүзеге асырылуда.
Кен орындарында жаңа әкімшілік-тұрмыстық және шаруашылық кешендер, техникалық үй-жайлар салынып, асханалар мен өндірістік объектілерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралардың барлығы қызметкерлердің қауіпсіздігі мен еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Жарияланған күні:
28 сентября 2025
Бөлісу: