МАРАПАТ – МАҢДАЙ ТЕРДІҢ БАҒАСЫ

22 Сентябрь 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ ІІ вахта жұмысшылары ҚР мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай құрметке бөленді. Саланы дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқан бірқатар қызметкерге Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның естелік және төс белгілері табыс етілді.

Өндірістік басқарма директоры Қайрат Нұрмұханов жұмысшыларды мерекемен құттықтап, кен орнында ұзақ жылдан бері атқарып келе жатқан үлгілі қызметі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ берілген марапат кен орнында жылдар бойы адал еңбек етіп, өндірістің үздіксіз дамуына атсалысып жүрген мұнайшылардың еңбегіне берілген лайықты баға екенін атап өтті.

Марапат иелері де кәсіби мерекеде кеудесіне медаль таққанына қуанышты. Олар Қаражанбастың қанатын кеңге жаюы үшін тынымсыз тер төгіп, өз ісін кәсібилікпен, жауапкершілікпен атқаруға қашан да дайын екенін жеткізді.  

Жарияланған күні:
22 сентября 2025

Бөлісу: