
Қоршаған ортаны қорғап, табиғатты аялау – әр адамның азаматтық борышы, ортақ міндеті. Бұл бағытта аянбай тер төгіп жүрген жандардың еңбегі ерекше құрметке лайық. Олардың қатарында «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау инженері Сәрсен Елдесбаев та бар.
Ширек ғасырға жуық уақыттан бері кен орнының экология саласында абыройлы еңбек етіп келе жатқан Сәрсеннің басты мақсаты – айналаны таза ұстау, өндірістің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту. Ол кен орны аумағындағы қоқыстарды бөліп жинау мен оларды залалсыздандыру мекемелеріне тапсыру жұмысын жүйелі жүргізіп келеді.
Экологиялық жобаларды жүзеге асыру барысында Сәрсен мердігер мекемелермен тығыз жұмыс істейді. Әрбір істің уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалап, жауапкершілікті бірінші орынға қояды. Оның қажырлы еңбегі арқасында кен орнындағы экологиялық мәдениет жылдан-жылға нығайып келе жатыр.
Жауапкершілік пен жанашырлықты шебер ұштастырғанда ғана іс алға басады. Қызметін өмір салтына айналдырған кейіпкеріміз ұжым мақтанышы, әріптестеріне үлгі. Ол қай ортада болмасын табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау ісін тек қызметі емес – өмірлік маңызды миссиясы санайды.
Жарияланған күні:
12 сентября 2025
Бөлісу: