
«Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры Нұрпейіс Сәрсенбай «ҚР Конституциясына 30 жыл» мерейтой медалімен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген медальді «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев табыстады.
Нұрпейіс Мизанбайұлы өлкеміздің мұнай-газ игеру саласында ұзақ жыл еңбек етумен қатар, қоғамдық-саяси өміріне де белсенді араласып келеді. 2022 жылы Ата Заңға өзгерту енгізу туралы бүкілхалықтық референдум кезінде облыстық штабта белсенді жұмыс істеді.
Партия филиалының төрағасы еліміз үшін маңызды шараға жауапкеркішілікпен атсалысып, әлі де өңір игілігі үшін еңбек етіп келе жатқан басшыға алғыс білдірді. Марапат иесі де саяси партияның қызметі мен алдағы жоспарына сәттілік тіледі.
Жарияланған күні:
3 сентября 2025
Бөлісу: