
Қаражанбас кен орнында мұнайшыларға арналған жаңа спорт кешені құрылысының алғашқы жұмысы басталды. Аумағы 1100 шаршы метр болатын нысан вахталық кент жанындағы №4 жатақхана маңынан бой көтереді. Қазір мердігер мекеме мамандары бетон плиталар мен блоктарды демонтаж жасап, қазу жұмысын қолға алды. Бұдан соң құрылысшылар ғимарат іргетасын қалауға кіріседі.
Ғимарат қаңқасы металлдан құрастырылып, сыртқы және ішкі қабырғалары үшін сэндвич-панель пайдаланылады. Болашақта мұнда ерлер мен әйелдерге арналған жаттығу залы, әмбебап спортзал, үстел тениисі мен бильярд ойнайтын арнайы алаң болады. Бұдан бөлек, киім ауыстыру, жуыну, жабдықтар сақтауға арналған бөлмелер қарастырылған. Мұнайшыларға қолайлы жағдай жасау үшін құрылысқа сапалы материалдар қолданылып, заманауи қажетті құрылғылармен жабдықтау көзделіп отыр.
Жаңа нысан өндірісте еңбек ететін жұмысшылардың спортпен айналысуына, жарысқа дайындалуға мүмкіндік береді. Құрылыс келесі жылдың ортасында аяқталады деп жоспарланған.
Жарияланған күні:
19 августа 2025
Бөлісу: