
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) Басқармасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы спартакиадада жүлдегер атанған ҚБМ футзал командасын қабылдады. Бас директор Нұрпейіс Сәрсенбай өндірістегі негізгі қызметімен қатар, спортта да жетістікке жетіп, күміс жүлдеге ие болған жұмысшыларға алғыс білдірді.
Футзал – спартакиада сайыстарының ішіндегі ең тартысты өткен жарыс. Әр компанияның үмітін арқалаған футболшылар бақ сынаған додада ҚБМ құрамасы ерекше ойынымен көзге түсіп, іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Ширек және жартылай финалда да асығы алшысынан түскен біздің жігіттер шешуші матчта ғана қарсыластарға есе жіберді.
ҚМГ спартакиадасына 12 спорт түрінен 30-ға жуық компанияның 700-ден астам қызметкері қатысты. ҚБМ намысын 68 мұнайшы қорғады. Қоржынға күміс медаль салған қаражанбастық аяқдоп шеберлері жақында өтетін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы спартакиадаға дайындықты бастап кетті.
Жарияланған күні:
31 июля 2025
Бөлісу: