ҚАУІПСІЗДІК БЕЛДІГІН ТАҒУ — ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАНЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

4 Август 2025

«Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ 2025 жылға арналған Жол картасын және өндірістік қауіпсіздік жоспарын іске асыру аясында компаниялар тобы қызметкерлері арасында қауіпсіздік белдіктерін пайдалану және жол-көлік оқиғалары кезіндегі туындайтын жарақаттарды азайту мақсатында ҚБМ орталық аппарат қызметкерлеріне конвинсер-тренажерінің тәжірибелік көрсетілімі өтті.
 
Жұмысшылар алдымен жүргізуші креслосына отырып, қауіпсіздік белдігін тақты. Артынша тренажер сағатына 40 км/сағ жылдамдықпен импровизацияланған кедергіге соқтығысты. Көрсетілген тәжірибе көмегімен қатысушылар шынайы жағдайдағы жол-көлік оқиғасын сезініп, қауіпсіздік белдігі тағылған және тағылмаған сәттегі айырмашылықты аңғарды.

Қауіпсіздік белдігін тағу — тек ереже емес, өз өміріңе деген жауапкершілік. Еңбек қауіпсіздігін сақтамау түрлі жазатайым оқиғаға алып келетінін ескерсек, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі болып саналады.

Жарияланған күні:
4 августа 2025

Бөлісу: