
Мұнай өндірісі – табандылық пен тәртіпті, үлкен жауапкершілікті талап ететін сала. Ал осы жолда көп жыл еңбек еткен әр қызметкердің есімі компания тарихында алтын әріппен жазылары сөзсіз. «Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымы зейнетке шыққан ардагерлерге әрдайым ерекше құрмет көрсетіп, олардың ерен еңбегін ұмыт қалдырмайды. Сондай кейіпкерлердің бірі — Қуанғали Нсанбаев.
Ол Бозашыдағы қара алтынның қайнаған ортасына осыдан 28 жыл бұрын табан тіреп, еңбек жолын бу өндіру цехында бу генераторлық қондырғысының машинисі болып бастаған. Кейін қызметін аталмыш цехтың технологі болып жалғады. Жұмысқа деген жауапкершілігі мен қажырлы еңбегінің арқасында 2007 жылдан бастап ол еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі саласына ауысқан. Аталған бөлімде алдымен иженер, аға инженер және топ жетекшісі қызметін абыроймен атқарды.
Қуанғали Нсанбаев тек білікті де тәжірибелі жұмысшы ғана емес, сонымен қатар жас мамандарға оң бағыт-бағдар берген тәлімгер де бола білді. Оның кәсіби шеберлігі мен талапшылдығы компания ішіндегі қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға өз ықпалын тигізді. Зейнет демалысына шыққан оған әріптестері ұзақ жылғы адал қызметі үшін алғыс білдіріп, аса құрметпен шығарып салды.
Жарияланған күні:
8 августа 2025
Бөлісу: