ЖАС МАМАНДАР — ЖЕТІСТІК ЖОЛЫНДАҒЫ ЖЕТЕКШІ КҮШ

13 Август 2025

12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай «Қаражанбасмұнай» АҚ «Жас маман кеңесі» мүшелері құрметке бөленді. Бас директор Нұрпейіс Сәрсенбай компанияның белсенді де креативті қызметкерлерін қабылдап, корпоративтік мәдениетті дамытуға үлес қосып жүрген жастар еңбегіне оң баға берді. Жиналыс барысында басшылық жақында өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары жұмысшылары арасындағы дәстүрлі спартакаиданың ұйымдастыру ісіне атсалысқан жұмысшыларды марапаттады.

ҚБМ жас мамандары өндірісті өркендетуге жаңа серпін беріп, түрлі бағыттағы шараларды өткізуге тың көзқарас мен идеялар ұсынып келеді. Олар негізгі қызметімен қатар, қоғамдық жұмыста да алдыңғы қатардан көрініп жүр. Басқарма алғысына ие болған мұнайшылар алдағы жұмыс жоспары туралы айтып, тынбай еңбек етуге қашан да әзір екенін жеткізді.

Жарияланған күні:
13 августа 2025

Бөлісу: