ІІ ВАХТАҒА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ

11 Август 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) Басқармасы ІІ ауысым жұмысшыларына есеп беру кездесуін өткізді. Жиында 2024 жыл мен биылғы алты айда атқарылған жұмыс нәтижесі таныстырылды.

Бас директор Нұрпейіс Сәрсенбай өндірістегі негізгі көрсеткіштерге тоқталып, мұнайшыларға бірлескен нәтижелі еңбек үшін алғыс білдірді. Бұдан соң өндіріс, қаржы-экономика, кадр және әлеуметтік салалар бойынша Бас директор орынбасарлары мен департамент директорлары есеп берді.

Есеп беру кездесуі — компания үшін өткен жұмысты қорытындылап қана қоймай, алдағы жоспарларды ұжымға жеткізу арқылы жаңа мақсаттар мен міндеттерді айқындайтын маңызды жиналыс. Басты мақсат — өндіріс үздіксіздігін сақтап, жылдық жоспарды сәтті орындау.

Жарияланған күні:
11 августа 2025

Бөлісу: