
«Қаражанбасмұнай» АҚ қоршаған ортаны қорғау қызметінің мамандары Маңғыстау өңіріндегі тарихи әрі рухани маңызы зор орындардың бірі — Сұлтан үпі жерасты мешіті маңына сенбілікке шықты.
Тазалық шарасына білек сыбана кіріскен қаражанбастықтар жерасты мешіт айналасын тұрмыстық және пластик қалдықтардан тазартып, табиғи ландшафтты сақтау мақсатында абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Бұл – тек санитарлық тазалық қана емес, киелі орын мен пен қоршаған ортаға деген жанашырлық белгісі.
— «Біз қоршаған ортаны қорғау шараларын тек өндірістік нысандар аумағына эко-акция өткізумен шектемейміз. Өңірдің рухани-мәдени құндылықтарына құрмет – біздің экология саласындағы қызметіміз бен әлеуметтік жауапкершілігіміздің белгісі», — дейді ҚБМ экологтары.
Сенбілікке шыққан жұмысшылар белгіленген аумақты мұнтаздай таза етіп, 7м3 көлемінде қоқыс жинады. Қалдықтар арнайы техника көмегімен қоқыс полигонына жөнелтілді.
Сұлтан үпі жерасты мешіті – Маңғыстау даласындағы сирек кездесетін көне сәулет нысандарының бірі. Мұндай мұралардың маңызын түсіну және келер ұрпаққа таза күйінде жеткізу – әр азаматтың парызы. Тарихи орынды алдағы уақытта ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу жоспарланып отыр.
Жарияланған күні:
29 июля 2025
Бөлісу: