
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында өтіп жатқан спартакиадада футзалдан ІІ орын алды.Аяқдоп бәсекесі үш күнге созылып, қаражанбастықтар жеңіс жолында 6 кездесу өткізді.
Топтық іріктеу кезеңінде ҚБМ құрамасы «ЕмбіМұнайГаз» командасымен есеп теңестірсе, ҚМГ-дан 3:0 есебімен басым түсті. «Petro Kazakhstan Oil Products» қызметкерлерімен өткен матч 3:1 есебімен ақталып, ҚБМ жеңіске біртабан жақындай түсті.
Ширек финалда біздің жігіттер «Маңғыстаумұнайгаз» құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалда «ӨзенМұнайГазбен» өткен ойын 0:0 есебімен аяқталды. Пенальти нәтижесі бойынша қақпаға 4 гол соққан қаражанбастықтар финалға жолдама алды.
Спартактада чемпионын анықтайтын сайыс өте тартысты өтті. ҚБМ және «Oil Servises Company» футболшылары түрлі эмоцияға толы ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде 4:0 есебімен қарсыластар басым түсті. Осылайша ҚБМ құрамасына күміс жүлде бұйырды. Ал команда мүшесі Ермұхамед Балғабаев «Үздік қорғаушы» атағына лайық деп танылды.
Жарияланған күні:
25 июля 2025
Бөлісу: