«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

21 Июль 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның 68 жұмысшысы «ҚазМұнайГаз» спартакиадасында компания намысын қорғайды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өтіп жатқан тартысты додаға ҚМГ компаниялар тобында еңбек ететін 700-ден астам жұмысшы 12 спорт түрінен қатысып жатыр.

Ауқымды шараның ашылу салтанатынан соң алғашқы сайыс бірден басталды. Жарыс алаңында 10 команда ұлттық спорт – арқан тартудан сынға түсті. Ойынды ҚБМ және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ жұмысшылары ашты. Ұжымның рухы, физикалық күші, шапшаңдығы мен тың тактикасы сарапқа салынатын додада қаражанбастықтар қарсылас командаға есе жіберді.

Сайыс 5 күнге созылады деп жоспарланған. Қатысушылар бекітілген кесте бойынша шағын футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, садақ ату, шахмат, киберспорт, жүзу, тоғызқұмалақ, қол күрес және асық атудан өзара мықтыларды анықтайды.

Жарияланған күні:
21 июля 2025

Бөлісу: