
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары «Қазақша QUIZ» білгірлер бәсекесінде ой жарыстырды. «Жас маман кеңесі» мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен зияткерлік ойынға өндірісте және орталық кеңседе жұмыс істейтін қыметкерлерден құралған 5 команда қатысты. Олар 8 кезең бойы түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, әр ұпай үшін күресті.
Мұнайшылар алдымен белгіленген уақыт ішінде миға шабуыл жасайтын сұрақтар қамтылған тест тапсырып, сөзжұмбақ шешті. Кейін мемлекеттердің туын, сурет арқылы кино атауларын тауып, логикалық тапсырмаларды орындады. Трендке айналған ойын қаражанбастықтардың ой жүйріктігін сынап, командамен жұмыс істеу, аз уақытта нақты шешім қабылдау, бәсекеге қабілетті болуын нығайта түсті.
Куиз соңында командалардың жинаған ұпай саны бойынша үздік үштік анықталды. Жүлдегерлерге диплом мен сыйлық сертификаты, жеңімпаз құрамаға арнайы кубок табыс етілді. Білім мен ізденіске құмар ҚБМ жастары арасындағы білгірлер бәсекесі әлі де жалғасын табады.
Жарияланған күні:
14 июля 2025
Бөлісу: