
6 шілде — Астана күніне орай, «Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, сенбілікке шықты. Игі шараға компанияның орталық кеңсесінен 30-дан астам қызметкер қатысып, 15-шағын аудан аумағындағы теңіз жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
Нәтижесінде жағалаудан 15 қап қоқыс жиналды. Бұл – тек сенбілік қана емес, табиғатты қорғау жолындағы ұжымдық жауапкершілік пен азаматтық белсенділіктің айқын көрінісі.
ҚБМ қызметкерлері үшін мұндай бастамалар — қоршаған ортаны аялауға бағытталған тұрақты ұстанымның бір бөлігі. Компания ұжымы алдағы уақытта да экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қоса бермек.
Жарияланған күні:
5 июля 2025
Бөлісу: